Ашық есіктер күні

09.11.2017

2017 жылдың 09 қарашасында перинаталдық орталықта жүкті әйелдер үшін «Ашық есіктер күні» өтті. Барлық қатысқан жүкті әйелдер мен серіктестер саны 37. Осы шара болашақ ата-аналарға біздің перинаталдық орталығы туралы кеңінен білуге мүмкіндік берді. Жүкті әйелдер қабылдау бөлімінде, босану залында және босанудан кейінгі бөлімшеде болып қайтты.

Тұсаукесерде әйелдер алдында босану блогының аға акушері Галина Геннадьевна Купина серіктес босану мен босану орны туралы айтып берді.

Бас дәрігердің әдістеме-ұйымдастырушылық жұмысы жөніндегі орынбасары Л.В.Ходырева осында келіп түсудің және болудың шарттарына тоқталды; ана болу қауіпсіздігінің қағидаттары туралы, оның ішінде: егуден бас тартуына байланысты жүктілік кезінде, серіктес босану, босанудың орны мен қалпын еркін таңдау кезінде, босану процессі , еркін құндақтау, төсек-орын тысын, ыдысты, өзінің және жаңа туған баланың киімдерін пайдалану туралы шарттарына тоқталды. Перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары М.Д.Мустафина міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы, МСМЖ қорының жұмысы туралы және МСМЖ шеңберіндегі сақтандыру пакеттері туралы айтып берді. МСМЖ бойынша сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушыларға міндетті медициналық сақтандыру туралы буклеттері таратылды.

Жаңа туғандар патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Шолпан Жетпісбайқызы Құрманова емізудің пайдасы, ертеден кеудеге салу қажеттілігі және кеудеге салудың дұрыс техникасы туралы ақпарат берді. Қатысулардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен бірге ұлттық күнтізбенің алдын алу егулеріне сәйкес вакцинабақылаушы инфекцияға қарсы балаларды уақытында вакцинациялау баладағы инфекциялық аурулардың пайда болуын , денсаулықты сақтауға және иммунизацияның жеткіліксіз қамту салдары туралы ескертуге мүмкіндік береді. Иммунды профилактиканың пайдасы, вакцинациядан бас тартуына байланысты қауіп пен салдары туралы болашақ ата-аналарға ұсыныстар берді.

10 қарашадан ЖИТС-пен бүкіләлемдік күрес күніне арналған айлық бастау алуда. АИТВ/ЖИТС алдын алуға жауапты Әлия Қайыркелдінқызы Түлекова АИТВ инфекциясы туралы, оның берілу жолдары, өзіңнің АИТВ дәреженді білудің маңыздылығы туралы айтты. АИТВ инфекциясын алдын алу туралы буклеттер таратылды.

Басымдық жүкті әйелдердің денсаулығын мықтау және сақтау мәселелеріне назар аударту, қауіпсіз тәртіпке жауапкершілікті тәрбиелеу,өзін-өзі сақтау; салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды, қауіптің тәртіп факторларынан уақытында бас тарту және өзінің денсаулығына жауапкершілігі, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, әйелдердің рационалды тамақтануын жақсарту мақсатымен ақпараттық – түсіндірме жұмысы өткізілді.

Шараның аяқталуы кезінде бас дәрігер А.Қ.Оспанова тұмауды және вирусты жіті респираторлы сырқаттарлды алдын алуға жүктілердің назарын аударды. Әйелдер консультациясында жүктілермен егуді алудың маңыздылығы, күн тәртібі, ЖРВИ мен тұмауға қарсы жеке қорғаныс заттарын пайдалану туралы айтып өтті. Барлық жүктілерді перинаталдық орталығына босануға шақырды, сонымен қатар жүкті әйелдерге бала туғаннан бастап күту бойынша «Қуан сәби» брошюралары мен МӘМС бойынша, АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша буклеттері сыйға тартылды.

Accessibility