Ана мен бала денсаулығын қорғау
2017 жылғы 20 қазанда Павлодар қаласының ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» КМК өзінің туған күнін атап өтті.Облыстық перинаталдық орталығы қабылдаушысы болған неонаталды орталығының ашылғанына да міне, 19 жыл толды. Қазіргі уақытта, Орталық, Павлодар облысында перинаталды көмек көрсететін 3-деңгейлі мекеме болып табылады. Перинаталдық орталығымен жүкті әйелдерге, босанушыларға, асқынуы бар жоғары дәрежедегі қауіпті топтың босанушыларына, ішкі ағзасының ауыр сырқаты бар және жүктілігі 22 аптадан 28 тәулікті өмірі бар мерзіміндегі жаңа туған нәрестелерге жоғары білікті көмектер көрсетіледі.
Бүгінгі таңда Перинаталдық орталығы шала туған нәрестелерді күту үшін шала туған нәрестелердің ретинопатиясы кезінде көз торының лазерлік коагуляциясы сияқты жоғары технологиялық процедураларды өткізу мүмкіндігі бар заманауи құралдарымен жабдықталған. Әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің патологиялық жағдайын сәтті диагностикалау үшін сараптама классының ультрадыбыстық құралдары, кереует үстіндегі мониторы, биохимиялық және газдық анализаторлары, флюорографиялық аппараттары бар. Емдеу үрдісін 57 дәрігер және 195 орта медициналық қызметкерлері іске асырады, оларда санат деңгейі жеткілікті, біздің елдің жетекші клиникаларында және шетел клиникаларында кәсіби біліктіліктерін жүйелі арттырып отырады. Бізде, И.В.Высоцкая, Т.Н.Другова, А.М.Мукушева, М.О.Муцольгов, Э.К.Сулейменова, С.Л.Новичевский, С.В.Рыжикова сынды дәрігерлер жұмыс істейді. Оларға В.Н.Кулинич, Т.Г.Руссу, Г.Г.Купина, Ю.В.Пильтяй, Д.А.Хасенова сияқты акушерлер мен мейірбикелер көмектерін береді. Перинаталдық орталығында қауіпсіз аналық пен бала жасындағы сырқаттарды интеграциялап жүргізудің перинаталды және антенаталды күтімінің тиімділігі бағдарламасы сәтті енгізілді. Жеке босану палаталары, серіктес босану, ана мен баланың бірге болуы, босану кезінде медикаменттерді сирек пайдалану, босану кезінде босану қалпын еркін таңдауы, оперативті босандыру кезінде антибиотикопрофилактикасы, босану үрдісінде толғағын медикаментозсыз жеңілдету, ана мен балаға үй киімдері, емізу мен ерте шығару кеңінен пайдаланылады. Босанушылардың ыңғайлары және уақытында жаңа туған нәрестелерді тіркеу үшін Перинаталдық орталығының базасында жаңа туғандарды тіркеу, біржолғы жәрдемақыны даярлау, жүктілігі мен босануы бойынша жәрдемақыны даярлау, баланы бала-бақшаға кезекке тұрғызу үшін халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Орталық облыстың босануға көмектесетін қызметтің координаторы болып табылады. Облыстық перинаталдық орталығының базасында тиімді перинаталдық технологиялар мен антенаталды күтімге оқыту бойынша оқу-клиникалық орталығы ұйымдастырылды. Теориялық білімдерімен қатар Перинаталдық орталығында жүйелі түрде жұмыс орындарында тағылымдамадан облыстың медициналық ұйымдарының дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлері өтіп тұрады. Санитарлы авиация желісіменПавлодар облысы бойынша жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді заманауи реанимобилде тасымалдау қамтамасыз етіледі. Мекемеде пациентті қолдау қызметі, ішкі аудит қызметі, қиын жағдайлардың жасырын аудиті ұйымдастырылған. Жұмыстан басқа Перинаталдық орталығының қызметкерлері қаланың барлық іс-шараларына – конкурстарға, семинарларға, спорттық шараларға, сенбіліктерге, «Ашық есіктер күніне» белсенді қатысады. Осы жұмыстардың барлығы бас дәрігер, акушер-гинеколог, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, облыстық маслихат депутаты, депутаттық фракция жетекшісі, «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі болып табылатын Айман Қайыркенқызы Оспанованың жетекшілігімен жүргізіледі.
Любовь Васильевна Ходырева
Рухани жаңғыру. Спецпроект «Туған жер»