«Денсаулық фестивалі»
9 қыркүйекте Павлодардың орталық жағажайында жыл сайынғы «Денсаулық фестивалі» өтті. Шараның негізгі мақсаты – «Біздің денсаулық біздің қолымызда!» ұранымен салауатты өмір салтын жүргізуге тұрғындардың кең ауқымын, қоғамның назарын тарту болды. Біздің орталық та плакат, жалау және шарлармен денсаулық фестиваліне қатысты. Естай ат.ҚМС-нан «Жүру-зиян емес, жүрмеу -зиян!» ұранымен «Жүру марафоны» өз бастауын алды. Марафонға қатысушылар Ленин көшесімен орталық жағажайға дейін жүріп өтті. Белсенді өмір ұстанымын ұстанатын қала тұрғындары мен қонақтарына Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.Бегентаев сәлем берді.
Фестивальға қатысушыларды қаланың шығармашылық ұжымының қатысуы және түрлі түсті шарларды аспанға жіберу қуантты.
Денсаулық қалашықтары жұмыс істеді: «Денсаулық» медициналық қалашығы – денсаулық сақтау қызметкерлері дененің салмақ индексін өлшеді, шылым шегуді алдын алу бойынша «Шылымға тыйым сал!» тренингісін өткізді, сонымен қатар салауатты өмір салтының негізі бойынша буклеттер мен парақшалар таратты. «Денсаулық фестивалі» еш біреуін көңілден тыс қалдырмады: әр біреуі өзінің жүрек қалауымен және физикалық мүмкіндігі бойынша қалаған ісін таба білді.
Фестивальға қатысушылар өздерінің белсенді өмірлік позицияларын білдірді, салауатты өмір салты үшін жүргендерге және жағымды эмоциялардан қуат алғандарға қолдау көрсетті!