№1 ПОПО «Ашық есік күнін» өткізді

04.04.2017

2017 жыл 31 наурыз күні перинаталдық орталықта «Ашық есік күнінде» жүкті әйелдерге арнап кеңестер берілді. Жүкті әйелдер қабылдау бөлмесіне, босану залына, балалар және ересектердің жан сақтау бөлімшесіне, босанғаннан кейінгі бөлімшеге барды. Презентациямен таныстырған мамандар: акушер-гинекологтар, аға акушерлер, кеудемен емізу жөніндегі мейірбикелер қатысты.

Іс-шара соңында барлық жүкті әйелдерге брошюралар мен дискілер берілді. «Қуан сәби»дискінің ішінде – 3 жыл дейінгі және үйде алғашқы медициналық көмектер, баланың туғанынан бастап күтімдері, жүкті әйелдер үшін, үй жайында жас балалардың күтуге  қажетті ақыл-кеңестер, мәліметтер бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қатысты сұрақтары туралы сөз болды.

310317-2

310317-1

Accessibility