№1 ПОПО әйелдер күнін қалай атап өтті

07.03.2017

№1 Павлодар облыстық перинатлдық орталығының басшы бас дәрігер А.Қ.Оспанова және кәсіподақ ұйымдастырушылары 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнінде өздерінің әріптестерін құттықтады. Босандыру саласындағы көпжылдық атқарған еңбегі, бала және ана денсаулығын күзету ісіндегі үлесі, жоғары біліктілігі және 8 наурыз Халықаралық мерекенің тойлауына байланысты, мерекелік іс-шарада бас дәрігер қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Орталық жұмысшыларының ішінде «Нұр Отан» партиясының қызметінде белсенді ат салысқандары үшін марапаттады. Көпбалалы аналар және отбасы мүшелерімен бірге жалғасқан дәрігер болып қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге марапат пен сыйлықтар берілді.
Босанғаннан кейінгі бөлімше қызметкерлері мерекеге орай қызықты мерекелік конкурспен қатар бағдарлама, өлең және өлең шумақтарын дайындады.

070317-1

Accessibility