№1 ПОПО «Ашық есік күнін» өткізді
2016 жыл 30-қазан күні перинаталдық орталықта «Ашық есік күнінде» жүкті әйелдерге арнап кеңестер берді, оның ішінде №2 және №4-емханадан тек қана 6 жүкті әйелдерге кеңес өткізілді. Бұл іс-шара, жаңа перинаталдық орталықтар туралы ақпараттар көбірек білуге және онда босануғаға, нәрестені кеудемен қалай емізуді, дұрыс тамақтануды, Ұлттық күнтізбеге сай егілуді, иммунно профилактика және оның артықшылықтары, вакцина қабылдау және вакцинадан бас тарту жөнінде болашақ аналар көптеген мәліметтер алды.
Жүкті әйелдер қабылдау бөлмесіне, босану залына, балалар және ересектердің жан сақтау бөлімшесіне, босанғаннан кейінгі бөлімшеге барды. Презентациямен таныстырған мамандар: акушер-гинекологтар, аға акушерлер, кеудемен (емшекпен) емізу жөніндегі мейірбикелер қатысты.
Іс-шара соңында барлық жүкті әйелдерге брошюралар мен дискілер берілді. «Қуан сәби»дискінің ішінде – 3 жыл дейінгі және үйде алғашқы медициналық көмектер, баланың туғанынан бастап күтімдері, жүкті әйелдер үшін, үй жайында жас балалардың қамқорлығы үшін қажетті мәліметтер бар.