2019 жылдың 25 қаңтарында перинаталды орталықтың ұжымында кездесу өткізілді

28.01.2019

2019 жылдың 25 қаңтарында перинаталды орталықтың ұжымында кездесу өткізілді, онда Ұлттық банкі өкілдері «7-20-25» бағдарламасымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде «Әрбір отбасы үшін лайықты тұрғын үй»  бағытын түсіндіріп өтті.

«Нұр Отан» партиясының өкілдері, «Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-ның жұмыспен қамту және жұмыспен қамтудың белсенді нысандары секторының басшысы, «Жас Отан» МК Павлодар қалалық филиалының басшысы баяндама жасады және«Кедергісіз келешек – кедергісіз болашақ» Партия жобасын іске асыру шегінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру 2-4% квота туралы заңның, оларды негізсіз босату фактілерін болдырмау, олардың еңбек құқықтарын құрметтеу және әлеуметтік салаға қатысудың маңыздылығын түсіндірді.

Accessibility