«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш!»

04.06.2025

1992 жылғы 4 маусым – еліміздің тарихындағы маңызды күн. Бұл күні Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран алғаш рет бекітілді. 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес Қазақстанда жыл сайын 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі. Осы мерекеге орай 2025 жылғы 4 маусымда Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының акт залында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш!» іс шарасы өткізілді.
Лицензия 00986 DS


Доступность