Облыс әкімі Асаин Байханов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

16.06.2025

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің күні маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Мереке құрметіне арналған салтанатты іс-шара бүгін, 2025 жылғы 13 маусымда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өтті. Залда ардагерлер, дәрігерлер, медбикелер, санитарлар — күнделікті өз денсаулығына қауіп төндіріп, басқалардың өмірін сақтап қалатындар жиналды.
Облыс әкімі Асаин Байханов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегі, батылдығы, кәсібі мен борышына адалдығы үшін алғыс айтты.
ҚР ДСМ атынан «Еңбек ардагері» медалімен офтальмологиялық орталықтың офтальмолог дәрігері А.А.Темірғалин, «ҚР Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен офтальмолог дәрігер, Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының офтальмологиялық орталығының меңгерушісі Қ.АТлеубаев, диагностикалық зертхана меңгерушісі ШахмардановаБ.Ж. марапатталды.
Облыс әкімінің Алғыс хатымен директордың мейірбике ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Барлыкова, Құрмет грамотасымен гинекологиялық бөлімшенің меңгерушісі С.С.Ситказинова марапатталды.
Дәрігерлерімізді марапаттарымен құттықтаймыз, зор денсаулық және жұмыста одан әрі табыс тілейміз

Лицензия 00986DS


Доступность