Учаскелік акушерка (фельдшер, медбике) қандай медициналық көмек көрсете алады?
Орта буын медицина қызметкері дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
Оған:
• Денсаулық жағдайын бағалау және ауруларды анықтау мақсатында қабылдау мен тексеру жүргізу;
• «Жүкті әйелдер мен ұрпақты болу жасындағы әйелдер тіркелімі» жүйесіне деректер енгізу;
• Жүкті әйелдерге, босанған аналарға шұғыл көмек көрсету;
• Созылмалы аурулары бар жүкті әйелдерді бақылау;
• Акушер-гинекологтың тағайындамаларын орындауды қадағалау;
• Физиологиялық жүктілік кезінде бақылау және патронаж жүргізу;
• Жүкті әйелдерге, босанғандарға және гинекологиялық ауруы барларға үйге барып қызмет көрсету;
• Ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер мен профилактикалық тексерулер өткізу;
• Отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық бойынша кеңес беру;
• Диспансерлік есепте тұрғандарды динамикалық бақылауда ұстауға көмектесу;
• Есепте тұрғандарға арналған тегін дәрі-дәрмекке рецепт жазу.
\Лицензия 00986DS