Өзіңді туберкулездан қалай қорғануға болады?

11.03.2019

Адамдар бұл аурумен неге ауырады?

Туберкулез адамдарды жасына,жынысына,ұлтына,әлеуметтік жағдайына қарамастан зақымдайды. Қауіпті жоғары топқа жүкті әйелдер,бала емізетін аналар,балалар жатады. Жүкті және бала емізетін аналардың ағзасының қорғанысы гормоналдық өзгерістерден әлсіз болады. Балалардың иммундық жүйесі жетілмеген,кез келген бактерияның шабуылына әлсіз болады,ауруды жұқтырудың қосымша қауіпті факторы баланың қатаң тазалықты сақтауға қабілетсіз болғандықтан,ауруды жұқтыру мүмкіндігін арттырады.

 Туберкулезды қалай анықтайды?

Туберкулезды ерте анықтау үшін тұрғылықты мекенжай бойынша жыл сайын флюроографиядан өту қажет, ал қауіпті топтағы балалар мен жасөспірімдерге Манту туберкулез сынамасын жасайды, ол туберкулезді (жұғуын) немесе ауруды ертекезеңде анықтауға мүмкіндік беріп, қажетті шараларды уақытыңда қабылдауға мүмкіндік береді.

Егерде сіз туберкулездың бір белігісін байқайсаңыз?

Учаскелік терапетке,педиатрға немесе жалпы практика дәрігеріне жүтіну қажет.

                     Өзіңді туберкулездан қалай қорғануға болады?

  • Жеке бастың тазалығын сақтаңыз,әсіресе қоғамдық орындарға барғанда және көп адаммен қарым -қатынаста болғанда таза сумен үнемі қолды жуу немесе құрамында спирті бар реттік майлықтарды пайдалану арқылы сақтаныңыз;
  • Жана туылған балаларды (қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда) міңдетті вакцинациялауды, Манту сынамасын және химиялық – профилакикалық ем жүргізуді ұстаныңыз ;
  • Үйіңізді таза ұстаныз ,үнемі ылғалдап жуу туберкулездің алдын алу үшін ғана емес, басқа да көптеген қауіпті аурулардан сақтану үшін де қажет;
  • Дұрыс тамақтаныңыз -ет және сүт өнімдерін, балықты, көп көкініс пен жеміс тұтыныңыз;
  • Дене шынықтырумен және спортпен айналысыңыз ,бос уақытыңызда таза ауаға шығыныз;
  • Күн тәртібін сақтап ұйықтауға және демалуға уақыт бөліңіз;
  • Шылым шегуге алкогольдік ішімдік пен есірткі тұтынуға әуестенбеңіз.

Егерде сіз туберкулездең қорғағыңыз келсе,жыл сайынғы профилакти калық тексеру мен флюорографияға түсуді ескерусіз қалдырмаңыз.

depositphotos_2531056-stock-photo-female-doctor-looking-at-x[1]

Accessibility