«Жаңа дәуірді жасайтын жарқын тұлғалардың бірлігі»
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен биылғы жылы Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланды. Бұл жастар саясаты мемлекеттің назарын аударудың басым бағыты болып табылады.
Биылғы жылы жастардың қатысуымен көптеген іс-шаралар өтеді, олардың біреуі, «Жастар өзін-өзі басқару» акциясы 2019 жылғы наурыздың 15-і Павлодар облысының барлық медициналық ұйымдарында басталды.
Бұл акцияға «Жаңа дәуірді жасайтын жарқын тұлғалардың бірлігі» ұранымен Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының жас қызметкерлері қатысты.
Бүгін аурухананың гематологиялық бөлімшесінің дәрігері М.М. Юсупова жұмыс күнін стационардың бас дәрігері рөлін атқарып, өзекті мәселелерді шешумен отырыс өткізді.
Бұл акцияның мақсаты — жас маманның жеке тұлғаны дамыту, оның коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, мәселелерді дұрыс шешу жолын табу, сондай-ақ өмірге белсенді және жауапты көзқарас.