Наурыз мейрамы перинаталдық орталықта
20.03.2019
2019 жылғы наурыздың 19-да Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталдық орталығының ұжымы Наурыз Мейрамын — Қазақстанның көктемгі жаңару мейрамын атап өтті.
Шығыс күнтізбесіне сәйкес, Наурыз — жаңа жылдың басы, күн мен түннің теңелуімен бірге келеді. Барлық қазақстандықтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббат, құнарлылық пен достықтың символы.
Ежелгі уақыттан бастап бұл мерекені тойлау нысаны — табиғатқа деген сүйіспеншілік қағидасын білдіреді. Қанша уақыт өтсе де, бұл мереке халықтың жадында сақталып, қазіргі уақытта жаңа рухани-әдептік маңызға ие болды.