Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығына байланысты мәселелердің барын айтты.
08.09.2025
«Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және медициналық қызметтерге мониторинг жүргізу ісінің тиімділігіне қатысты мәселелер бар.
Бюджет қаржысы шектеулі кезде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры іс жүзінде бюджетті реттеуші рөлін атқарып отыр. Қор дайын өнім жеткізетін кәсіпорындарға бақылауды күшейткеннің арқасында шығынды көбейтпей ұстап тұр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Президент медициналық қызметтерге мониторинг жүргізу бойынша жаңа жүйенің қажеттігіне тоқталды.
«Үкімет жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тиіс».
ЛИЦЕНЗИЯ 00986 DS