Мемлекет басшысының Жолдауы -2025. Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберіндегі Десаулық сақтау министрлігіндегі негізгі қадамдары

09.09.2025

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ведомство жасанды интеллект технологияларының негізінде медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін енгізуді көздейтін кешенді жоспар әзірлейтін болады.
«ЖИ медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне, лицензиялау мен аккредиттеуден кейін медициналық ұйымдардың жұмысына мониторингке біріктірілетін болады. Біз сондай-ақ медициналық қызметке лицензиялардың қолданылу мерзімін енгізуді пысықтап жатырмыз», — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
Дәрігерлердің қолдауы және дәрігерлердің қауіпсіздігі
2026 жылдан бастап өңірлерге медициналық кадрларды тарту үшін Отбасы банкінің тетіктері арқылы әкімдіктердің қолдауымен арнайы бейінді тапшы бағыттағы мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету ұсынылады. Бұл әсіресе кадрлар тапшылығы ерекше сезілетін өңірлерге қатысты.
Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. «Қазақтелекоммен» және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2100 жедел жәрдем бригадасы бейнежетондармен, ал 644 қабылдау стационары — бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.

Лицензия 00986 DS

Доступность