Дүниежүзілік денсаулық күні
Дүниежүзілік денсаулық күні — бұл жай ғана мереке емес, әр адам туған кезде табиғаттың сыйлағаның қалай сақтап қалу керектігін ойластыратын күн.
Осы күннің аясында Павлодар облысының медициналық мекемелерінде ашық есік күндері ұйымдастырылып, өткізілді.
2019 жылғы сәуірдің 5-і Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының консультативтік-диагностикалық емханасында науқастардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша ақпараттық материалдары таратылып, қан қысымын өлшеу акциясы өткізілді.
Репродуктивті денсаулығы мен перинаталды диагностика орталығында, емханадағы дермато-венерология бөлімшесінде және аурухананың офтальмология бөлімшесінде медицина қызметкерлері мен пациенттердің қатысуымен жаппай жаттығулар өткізілді.
Бұл акцияның мақсаты — облыстың тұрғындары арасында салауатты өмір салтын сақтау бойынша оқу-тәжірибелік жұмыс жасау.