Жылжымалы медициналық кешені Песчан ауылында
2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасың іске асыру мақсатында ҚР Президентінің Жарлығымен алыс жерлердегі тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін жылжымалы медициналық кешендер жасақталған.
2019 жылғы мамырдың 13-і Тереңкөл ауданындағы Песчан ауылында
«Медицина қасымда» атты науқан шенберіңде Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының жылжымалы медициналық кешені медицина бригадасымен қамтылған келесі медициналық тексерулер жасады (зертханалық зерттеулер, рентген және т.б.), жергілікті тұрғындар терапевт, педиатр, гинеколог дәрігеріне және басқа да мамандардан медициналық көмек және медициналық кеңес алды. Барлығы 87 адам тексерілді, оның ішінде 25 бала.