Қазақстан Республикасы Президентіне сайлау кампаниясы өкілдерінің аурухана қызметкерлерімен кездесуі
2019 жылғы мамырдың 28-і Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының мәжіліс залында Қасым-Жомарт Тоқаевтің Қазақстан Республикасы Президенттігіне сайлау алды өкілдері аурухананың медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат К.Тоқаевтың сенімді тұлғалары, Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары М.К. Айтышев, А.Дьяк, А.К. Оспанова қатысты. Облыстық аурухана қызметкерлерін үш блоктан тұратын, «Барлығының игілігі! Үздіксіздік. Әділет Прогресс» деп аталатын ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау бағдарламасымен таныстырды.
Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасының басты мақсаттарының бірі — қалаларда ғана емес, шалғай ауылдарда да сапалы дәрі-дәрмектердің қол жетімді болуы.
Кездесу соңында қонақтар барлық адамдарды 2019 жылғы 9 маусымда өздерінің тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне келуге шақырды және өз таңдауын жасады.