Қазақстанда кепілдендірілген тегін көмек және медициналық сақтандыру пакеттерінің жаңа нұсқасы бекітілді
Қазақстан Үкіметі келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК және МӘМС) шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімін бекітті.
«Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті минималды стандарттардан тұрады. Оған дәрігерлік көмекті қажет ететін шұғыл жағдайларда көмек көрсету, жедел жәрдем, санитарлық авиация, бірқатар созылмалы ауруларды динамикалық бақылау, шұғыл жағдайда стационарда емдеу осы пакет шеңберінде жүзеге асырылады. Мұны барлық азаматтар, сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамай пайдалана алады. Көмектің екінші деңгейі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті. Бағасы қымбат болып келетін операциялар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды қызметтер кіретін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін сақтандырылғандар пайдалана алады. Сондай-ақ, МӘМС пакетіне табысы орташа азаматтардың қалтасы көтере бермейтін: МРТ, компьютерлік томография, ПЦР-анализ сынды қызметтер де енгізілді», — деді«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказинов.
Пакеттердің жаңа үлгісін дайындау барысында денсаулық сақтау министрлігі бір жарым жыл бойы медицина саласы өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеді. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің жаңа нұсқасын дайындау барысында тізімге енген барлық қызмет түрлері жан-жақты сарапталған.
Айдар Ситказиновтың айтуынша, «Еліміздің барлық азаматтары пайдалана алатын кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне жедел жәрдем мен санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек енген. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен созылмалы аурулардың негізгі түрлерімен ауыратын тұрғындар осы пакет шеңберінде консультативтік-диагностикалық көмекпен, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмекпен қамтамасыз етіледі. Амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, туберкулезге шалдыққандарды оңалту қызметі де осы пакетке кіреді».
Ағымдағы жылдың күзінде Қазақстанның бір өңірінде пилоттық режимде азаматтарға жаңа пакеттер аясында медициналық қызмет көрсетіле бастайды. Бұл 2020 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халыққа толыққанды қызмет көрсету барысында түйткілді мәселелерді шешуге септігін тигізері сөзсіз.
2020 жылдан бастап жүйе Қазақстан бойынша жұмысын бастайды.
«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ
Павлодар облысы бойынша фили