«ТМККК және МӘМС шеңберінде Павлодар облысының халқына травматологиялық көмек көрсету»
22.07.2019
2019 жылы 19 шілдеде облыстық «HALYG RADIOSY» радиосының тікелей эфирінде Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухананың травматологдәрігері А.Е.Порохова «ТМККК және МӘМС шеңберінде Павлодар облысының халқына травматологиялық көмек көрсету» тақырыбына сөз сөйледі.
Облыстық аурухананың травматологиялық бөлімшесі жамбас және тізе буындарын эндопротездеу (ауыстыру) бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек жүргізуде ерекше орын алады.
Сондай — ақ травматологиялық бөлімшенің мамандары буынға миккесу арқылы енгізілетін эндоскоптың артроскоп әртүрлілігін пайдалана отырып, буынның ішкі бөлігінің зақымдануын диагностикалау немесе емдеу мақсатында жүзеге асырылатын, ең аз инвазивті хирургиялық манипуляциялар жүргізеді.