2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулардың жаңартылған тізімі күшіне енеді

17.12.2025

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулардың жаңартылған тізімі күшіне енеді. Бұл тізімге келесі аурулар кіреді:
• туберкулез;
• адамның иммун тапшылығы вирусы;
• созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы;
• қатерлі ісіктер;
• психикалық және мінез-құлық ауытқушылықтары;
• жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай);
• жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;
• орталық жүйке жүйесінің аурулары;
• сирек кездесетін, яғни орфандық аурулар;
• эпилепсия;
• цереброваскулярлық аурулар (1 жыл көлемінде).

Бұл тізімге енген аурулары бар пациенттер дәрігерлік бақылауды, дәрілік препараттарды, зертханалық талдауларды тегін, яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында алады.

Лицензия 00986 DS

Доступность