Павлодар облысында «Медицина жақын!» акциясы өтті
14.08.2019
Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының Жылжымалы медициналық кешен бригадасы (ЖМК) медициналық-консультативтік көмек көрсету үшін 2019 жылғы тамыздың 13-і Павлодар облысы, Ақкула ауданы, Қызылқоғам шалғайдағы ауылға барған.
ЖМК дәрігерлерінің тобы, терапевт, педиатр, офтальмолог, оториноларинголог, гинеколог, ауыл тұрғындарына қажетті көмек көрсетті, қан қысымын, көзішілік қысымды өлшеді, қандағы қант пен холестеринді анықтады, зертханалық, флюорографиялық және басқа зерттеулер жүргізді.
ЖМК терапевті Г.И.Иманкулова 2020 жылдың қаңтардың 1-нен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіле отырып, қандай медициналық көмек тегін көрсетілетіні туралы айтты.