Шарбақты ауданында «Медицина жақын!» ұранымен акция өтті.
Павлодар облысы «Медицина жақын!» ұранымен акцияны жалғастыруда. Осыған ұқсас акция бүкіл елде өтіп жатыр.
2019 жылғы тамыздың 20-і дәрігерлер, терапевт, педиатр, окулист, стоматолог, гинекологтан тұратын Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының жылжымалы медициналық кешенінің (ЖМК) медициналық тобы облыстың Шарбақты ауданы, Алексеевка ауылының дәрігерлік амбулаториясында барлық мүдделі тұрғындарды қабылдады.
Науқастарға қан қысымы, қандағы қант және холестерин өлшенді және басқа да медициналық зерттеулер жүргізілді.
Сонымен қатар, ЖМК терапевті Иманкулова Г.И. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін (МӘМС) енгізу тиімділігі туралы тұрғындарға 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап барлық медициналық қызметтер екі пакетке бөлінетіндігін түсіндірді:
— тегін медициналық көмектің кепілдендірілген мөлшері (ТМККК), ол адам жарнаны төлейтініне немесе төлемегеніне қарамастан алады;
— және сақтандыру — қорға жарналар түскен адамдарға ғана арналған (сақтандырылғандар).
Акция барысында салауатты өмір салты мен МӘМС аспектілері туралы ақпараттық материалдар таратылды.