Хмельницкое ауылында «Медицина қасымызда» республикалық акциясы

28.08.2019

Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының жылжымалы медициналық кешенінің (ЖМК) медициналық бригадасы 2019 жылы 28 тамызда облысымыздың Шарбақты ауданы Хмельницкое ауылының тұрғындарын қарауға қабылдады.

ЖМК дәрігерлері — терапевт, окулист, стоматолог, гинеколог ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп, міндетті медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2020 жылдың 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр.  Азаматтардың бұл санаттары мемлекет есебінен сақтандырылғандықтан, МӘМС аясында рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмек алатын бірінші адамдар — бұл балалар, содан кейін уақыт өте келе халықтың әлеуметтік осал топтары.

Кім? Қашан? МӘМС үшін қанша төлейді? Барлық осы сұрақтарға жауап акция барысында ауыл тұрғындарына берілді.

7e6ce3d7-1eb3-4536-b83d-9ad17264f6b1 36fb8fee-9ab6-4f6d-82a8-f54672a9df44 6f3810c5-cf2e-44bd-9beb-eee0d35232e1

Accessibility