Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2019 жылғы 3 қыркүйекте Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухананың мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Аурухана қызметкерлері Жолдаумен танысты және ҚР Президентінің саясатын нақты жоспар бойынша іс-қимылды, әлеуметтік –экономикалық елдегі жағдай одан әрі жақсартуды қолдады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында мемлекет экономикасын нығайту мен дамытудың, отандық бизнесті қолдаудың, Халықты әлеуметтік қорғаудың барлық мәселелерін атап өтті.
Ол сондай-ақ Үкіметке жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр, әсіресе балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны күшейту жөнінде тапсырма берді.
Зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңына дейін жұмыс істеп тұрған азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды, мысалы, тұрғын үй сатып алу немесе білім алу үшін тапсырды.