Жас маман: дәрігер –аллерголог-иммунолог
09.09.2019
Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында өзінің еңбек жолын жас маман, дәрігер-аллерголог-иммунолог (ересектер/балалар) Салимжанова Жадра Мурзабековна бастаған.
Жадыра Салимжанова Малайсары көшесі 66, сағат 8.00-16.30 аралығында кеңес беру-диагностикалық емхана ғимаратында күн сайын қабылдау жүргізеді.
Жазуды БМСК-да Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына жолдаманы тіркеу кезінде кеңес беру күні мен уақытын көрсете отырып жүзеге асыруға болады.
Анықтама телефондары: 66-40-05, 50-08-33, 50-01-50.