Онкологиялық аурулар әлі де әлемде жоғары таралған ауру және өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып отыр.

05.02.2026

Осындай жағдайда денсаулық сақтау жүйелері қатерлі ісікпен күресте тәсілдерді қайта қарастыруда, тек кеш кезеңдегі ауруларды емдеуге емес, алдын алу және ерте анықтауға басымдық беруде.
Бұл тәсілдің тиімділігі ғылыми түрде дәлелденген. Скринингтік бағдарламалар ауру белгілері пайда болмай тұрып қатерлі ісік алдындағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді, кеш кезеңдегі аурулардың үлесін азайтады және жалпы тірі қалу көрсеткішін жақсартады. Халықаралық зерттеулер көрсеткендей, қатерлі ісікке қарсы скрининг бағдарламалары — сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек қатерлі ісігі бойынша — халық арасында кең қолданылған жағдайда, ерте кезеңде анықтау көрсеткіштерін арттырады және өлім-жітімді төмендетеді.
Мысалы, тоқ ішек қатерлі ісігіне арналған скрининг бағдарламалары іске асқан елдерде ерте кезеңде анықтау көрсеткіші 7%-тен 41%-ке дейін өсті, ал өлім-жітім шамамен 26%-ке төмендеді.
Бүгінде Қазақстанда онкологиялық скрининг бойынша үш ұлттық бағдарлама жүзеге асырылуда:
• Сүт безі қатерлі ісігі – 40-70 жас аралығындағы әйелдерге, әр 2 жыл сайын;
• Жатыр мойны қатерлі ісігі – 30-70 жас аралығындағы әйелдерге, әр 4 жыл сайын;
• Тоқ ішек қатерлі ісік – 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге, әр 2 жыл сайын.
2024 жылы Қазақстандағы ұлттық скрининг бағдарламалары бойынша мақсатты топтағы 2,5 миллионнан астам адам тексеруден өтті. Оның ішінде қатерлі ісікті алдындағы өзгерістер 218,8 мың, ал қатерлі ісіктер 2,1 мыңнан астам адамда анықталды.
• Сүт безі қатерлі ісік скринингі: 40-70 жас аралығындағы 830 мыңнан астам әйел қамтылды. Ісік алдындағы өзгерістер 158 мың жағдайда анықталды, ал 1,5 мың әйелге «сүт безі қатерлі ісігі» диагнозы қойылды.
• Жатыр мойны қатерлі ісік скринингі: 700 мыңнан астам әйел тексеруден өтті, 53 мың адамда ісік алдындағы аурулар табылды, ал 359 жағдайда қатерлі ісік расталды.
• Тоқ ішек қатерлі ісік скринингі: 50–70 жас аралығындағы 900 мыңнан астам ерлер мен әйелдер тексерілді. Ісік алдындағы өзгерістер 7826 жағдайда анықталды, олардың ішінде 356 адамға қатерлі ісік диагнозы қойылды.

лИЦЕНЗИЯ 00986 DS

Доступность