Медициналық сақтандыру қоры сақтандыру мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін плагин жасап шықты

21.10.2019

 

Халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы туралы көбірек хабардар болуы үшін МӘМС жүйесінде өзінің сақтандыру мәртебесін білуге мүмкіндік беретін құрал жасалды. Бұл құралды еліміздің кез келген тұрғыны пайдалана алады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказинов плагиннің құрылғаны туралы айтып берді.

Бұл плагинді құрудағы мақсат қандай, халыққа берер пайдасы бар ма?

—    Функционалды тұрғыдан алғанда, құрал өте қарапайым. Арнайы ресурсқа кіріп, әр тұрғын өзінің ЖСН нөмірін енгізсе болды, сақтандыру мәртебесін біле алады. Барлық адам гаджет қолданатын заманда, бұл ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді. Егер «сақтандырылған» деген жауап келсе, онда алаңдамауға болады. Ал, егер жауап «сақтандырылмаған» болса, онда себебін анықтау керек. Мысалы, азаматтың «жалдамалы жұмысшы» деген мәртебесі бар және ол үшін төлемді жұмыс беруші жасайды. Жүйе арқылы жұмысшы өзі жұмыс істейтін ұйым ол үшін медсақтандыруға төлем жасап отырғанын немесе төлемнің жасалмай жатқанын анықтай алады.

Тұрғындар мәртебесін анықтау үшін Қордың ресми сайты www.fms.kz ашып, оң жақтағы төменгі бұрышта «Статусты анықтау» пәрменін  басып, ЖСН тересіз. Жүйе бірден экранға нәтижесін шығарады.

Еліміздің әрбір тұрғыны өзінің сақтандыру мәртебесін не үшін қадағалап отыруы керек?  

— 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда МӘМС жүйесі іске қосылады. Оған дейін ел азаматтары сақтандыру мәртебесін анықтап алулары керек. Мысалы, адамға қандай да бір сырқат бойынша диагноз қойылып, оған медициналық көмек қажет болса және ол сақтандырылмаған болса, онда бұл адамға құрамына учаскелік дәрігер, жедел көмек, шұғыл стационарлық көмек, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмек түрлері кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қолжетімді болады. Ал, МӘМС пакеті бойынша берілетін медициналық көмек түрлері тек сақтандырылған азаматтарға ғана қолжетімді. Осылайша, егер сіз МӘМС жүйесінде өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді анық білсеңіз, 2020 жылдан бастап өзіңізге қажетті барлық медициналық қызметтер спектрін ала аласыз.

Бұл құрал жерде қолжетімді болмақ?

— Плагин әмбебап форматта жасалған. Ол кез келген сайтқа тіркеуге ыңғайлы. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бұл мәселеге қызығушылық танытқан барлық сайт иегерлеріне айтарым: егер сіздер өздеріңіздің ресурстарыңызда плагинді орнатқыларыңыз келсе, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕАҚ-на өтініш жаза аласыздар. Байланыс  e-mail: p.andreev@fms.kz.

Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалы

 

 

Accessibility