МӘМС — жеңілдік берілген 15 санат: жұмыссыздар
01.11.2019
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыссыз азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметін пайдалануға құқылы. Егер азамат жұмыс істемесе, оған жұмысқа орналасу жөнінде шара қолдану керек. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Орталық сізге жұмыс табуға қол ұшын береді немесе жұмыссыз ретінде есепке қояды.
Есепке қойылған сәттен бастап ол жарна төлеуден босатылады және автоматты түрде әлеуметтік медициналық сақтандырудың қатысушысы атанады, ол үшін жарнаны мемлекет төлейтін болады.