«Акушерліктегі акушерлік қан кетулер» тақырыбы бойынша біліктілікті арттырудың көшпелі циклы
01.11.2019
2019 жылғы 21-25 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, жұмыс тиімділігін арттыру бойынша Жол картасын, Павлодар облысы бойынша 2019 жылға арналған ана өлімін азайту жөніндегі іс-шаралардың жедел жоспарын орындау мақсатында «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар орблыстық ауруханасының» перинаталдық орталығында «Акушерліктегі акушерлік қан кетулер»тақырыбы бойынша акушер гинеколог, анестезиолог — реаниматолог және акушер дәрігерлеріне арналған біліктілікті арттырудың көшпелі циклы өткізілді.