АИТВ – адамдағы иммунтапшылығы вирусына тестілеуден өту не үшін қажет?
04.12.2019
- АИТВ инфекциясы белгісіз өтеді және сіздің ағзаңызда оның бар екенің білмеуіңіз мүмкін;
- АИТВ – ға тест – бұл вирустың қан құрамында бар, не жоқ екендігін білудің ең сенімді тәсілі;
- Егер сіз АИТВ-ны жұқтырмаған болсаңыз, өзіңізді және жақындарыңызды АИТВ- дан қалай сақтау қажет екенін білесіз;
- Егер сіз АИТВ-ны жұқтырған болсаңыз, жақындарыңызға АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупін қалай төмендетуге және өз денсаулығыңызды қалай қолдауға болатынын біле аласыз.
АИТВ-ға тестілеуде өту АИТВ мен немесе АИТВ -сыз өмірді жауапты жалғастыру үшін ненің қажет екенін білуге мүмкіндік береді.
КІМ ТЕСТ ТАПСЫРУЫ ҚАЖЕТ?
- Егер сіз мүшеқапсыз жыныстық қатынасқа түссеңіз немесе ортақ шприц, ине, есірткі мөлшерін дайындауға арналған ыдысты қолдана отырып, иньекциялық есірткі тұтынсаңыз;
- Тестті жүктілік кезінде міндетті түрде тапсыру қажет. АИТВ- ны ерте анықтау болашақ баланы вирустың жұғуынан қорғайтын шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРМАУ ҮШІН КЕЛЕСІЛЕР ҚАЖЕТ:
˅ Мүшеқапсыз жыныстық қатынасқа түспеу;
˅ Иньекциялық есірткі тұтынбау;
Есіңізде болсын: инфекция жұқтырмаған және сенімді бір жыныстық серіктеспен үнемі қарым-қатынаста болу сізді АИТВ инфекциясынан қорғайды.
АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері жөніде кеңесті ЖИТС-тың алдын алу және күрес жөніндегі орталықтарынан ала аласыз.