Жүктілік кезіндегі қауіпті белгілер
04.12.2019
Жүктілік – қалыпты физиологиялық процесс.
Көбінесе жүкті әйелдер тек медицина қызметкерлерінің тарапынан бақылауы мен кеңесіне мұқтаж.
Жүктілік кезіндегі арнайы емді ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН физиологиялық өзгерістер:
- таңертеңгілік жүрек айну, құсу
- дәм сезудің өзгеруі
- терідегі дақтардың пайда болуы немесе күңгірттенуі
- сүт бездерінің ауырсынуы
Жүктілік үш триместрге бөлінеді. Бірінші триместр жүктіліктің алғашқы үш айына, екіншісі жүктіліктің 4-6 айлық кезеңіне, үшіншісі- жүктіліктің 7-9 айлық кезеңіне сәйкес келеді.
БІРІНШІ триместрде медициналық көмекті ҚАЖЕТ ететін қауіпті белгілер:
- тәулігіне 8-10 рет құсу
- жыныс жолдарынан қан аралас бөліністің бөлінуі
- іштің немесе бүйірдің қатты ауыруы, әуелі сыздап, содан соң күшеюі мүмкін.
Жүктіліктің екінші триместрінде медициналық көмекті ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ҚАЖЕТ ететін белгілері:
- бастың үнемі немесе кенеттен ауыруы
- көздің көруінің нашарлауы немесе көз алдында қара нүктелердің көрінуі
- анық немесе кенеттен пайда болған ісіні және оның тез үдеуі
- жыныстық жолдан қанды шығындының бөлінуі
- іштің қатты және басылмай ауыруы
- үнемі құсу
- іштегі баланың 24 сағат бойы қозғалмауы
- қынаптан көп сулы шығындының бөлінуі (қағанақ суының кетуі)
Егер ҮШІНШІ ТРИМЕСТРДЕ келесі белгілердің біреуі білінетін болса дереу медициналық КӨМЕККЕ ЖҮГІНУІҢІЗ ҚАЖЕТ:
- жыныстық жолдан қанды шығындының бөлінуі
- қынаптан көп сулы шығындының бөлінуі (қағанақ суының кетуі)
- бастың үнемі немесе кенеттен ауыруы
- көздің көруінің нашарлауы немесе көз алдында қара нүктелердің көрінуі
- дене қызуының 38° -ге дейін және одан жоғары көтерілуі
- іштің қатты ауыруы
- іштегі баланың әлсіз қозғалуы немесе мүлде қозғалмауы
- араға 5-10 минут салып толғақтықтың қайталануы
БОСАНҒАННАН КЕЙІН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЖЕТ ететін белгілер:
- ашық қызыл түсті немесе ұйыған қан түйіршіктерінің көп бөлінуі (гигиеналық төсенішті бір сағатта бірнеше рет ауыстыруға тура келсе)
- жыныстық жолдан, іріңді жағымсыз иісі бар шығындының бөлінуі
- іштің төменгі тұсының қатты ауыруы
- дене қызуының 38° -ге дейін және одан жоғары көтерілуі
- іште немесе бұтаралығындағы отадан кейінгі тігістің ауыруы және білеуленуі
- сүт бездерінің ауыруы, қатаюы және қызаруы