2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

17.01.2020

Медициналық көмек екі пакет бойынша көрсетіледі:

  1. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі
  2. Міндеті әлеуметтік медициналық сақтандыру көлемі

 Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі  Қазақстан азаматарының БАРЛЫҒЫНА қолжетімді болады.

  1. жедел медициналық көмек.
  2. санитариялық авиация.
  3. алғашқы медициналық-санитарлық көмек.
  4. емханалардағы жалпы тәжірибе дәрігері, терапевт, педиатр көрсететін қызметтер.
  5. жедел стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек.
  6. паллиативті көмек (туберкулез, онкология, жантәсілім сатысындағы созылмалы аурулар, үнемі күтімді қажет ететін, өзін-өзі күте алмайтын тұлғаларға).

Әлеуметтік маңызды аурулар кезінде, созылмалы және қауіпті аурулар:

  1. Кеңестік-диагностикалық көмек.
  2. Амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз ету.
  3. Жоспарлы стационарды алмастыратын және стационарлық көмек.

Туберкулез кезінде медициналық оңалту.

ТМККК пакеті – Қазақстан азаматтарына тегін көрсетіледі.  Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлар кезінде көрсетілетін медициналық көмек.

САҚТАНДЫРЫЛҒАН азаматтарға көмек көрсетіледі: 

1.Кеңестік-диагностикалық көмек: ересектерді профилактикалық тексеру балаларға мамандандырылған көмек көрету. Қымбат зертханалық қызметтер: гормондар, витаминдер, онкомаркерлер, антигендер, полимеразды тізбекті реакция. Қымбат диагностикалық қызметтер: компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография және т.б.  

  1. Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне енбеген (ТМККК) ауруларды емдейтін амбулаторлық дәрілік заттармен қамтамасыз ету.
  2. ТМККК енбеген ауруларды емдейтін стационарды алмастыратын көмек.
  3. ТМККК енбеген ауруларды емдейтін жоспарлы стационарлық көмек.
  4. Балалар мен ересектерді: кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология, ортопедия салалары бойынша медициналық оңалту

МӘМС пакетіне тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне енбеген қымбат, қосымша, жоғары стандартты қызмет түрлері кіреді.  Бұдан бөлек, азаматтардың ЕРІКТІ медициналық сақтандыру алуға құқығы бар.

Бұдан бөлек, азаматтардың ЕРІКТІ медициналық сақтандыру алуға құқығы бар. 

 

Accessibility