Егер Сіз жұмыс беруші болсаңыз – қанша және қашан төлейсіз?
Өз қызметкерлеріңіз үшін жалақы қорынан 2019 жылы 1,5%, 2020 жылы 2%, 2022 жылғы 1 қантардан бастап 3%.
Маңызды!
Егер қызметкер 15 жеңілдігі бар азаматтар санатына кіретін болса,оңда олар үшін аударым жасаудың қажеті жоқ.Азаматтардың женілдігі бар санаттары үшін төлемдерді мемлекет жасайды.
Егер Сіз жұмысшы болсаңыз — қанша және қашан төлейсіз?
2020 жылдын 1 қаңтарынан бастап есептелген кірістің 1%, 2021 жылы 2%
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакетіне не кіреді?
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі(ТМККК) пакетіне медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу-қатыспауына қарамастан әрбір қазақстандыққа қолжетімді медициналық қызметтердің барлық негізгі түрлері кіреді.
Барлық азаматтарға қолжетімді ТМККК пакетінде:
-жедел жәрдем және санитарлық авиация
— бастапқы медициналық көмек
— шұғыл стационарлық көмек
-паллиативтік көмек
Әлеуметтік маңызы бар және негізгі созылмалы аурулар кезінде:
- салалық мамандардың қабылдауы
- амбулатория деңгеінде дәрі –дәрмекпен қамтамасыз ету
- күндізгі стационар
- жоспарлы стационарлық көмек
- туберкулезге шалдыққаңдарды медициналық оңалту
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіне не кіреді?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті — тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қосымша сақтандырылған азаматтарға медициналық қызметтердің кеңейтілген жиынтығы
Сақтандырылған азаматтар үшін МӘМС пакетінде:
- консультациялық –диагностикалық көмек:
- 1) ересектер мен балаларды профилактикалық тексеру,
- 2) бағасы қымбат болып келетін диагностикалық қызметтер,соның ішінде,КТ,МРТ,ПТР,ИФТ және т.б. сынды зертханалық қызметтер,
- 3) жоспарлы және шұғыл стоматология (18 жасқа дейінгі балалар, мүгедектер, зейнеткерлер)
- ТМККК пакетіне енбеген сырқаттарды амбулатроия деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
- ТМККК пакетіне кірмеәтін сырқаттарға күндңізгі стационар
- ТМККК пакетіне кірмейтін сырқаттарға жоспарлы стационарлық көмек көрсету
- Медициналық оңалту және қалпына келтіруге бағытталған ем-дом (туберкулезбен ауыратын науқастарды оңалтуды қоспғанда).
Сұрақтар,ұсыныстар мен шағымдарды қайда жолдауға болады?
1406 — медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығв
1414 — бірыңғай байланыс орталығы
Fms.kz – «халықтық бақылау» бөлімі