«Клиникалық материал, сұрыптау және тасымалдау ержелері»
2020 жылдың 24 қаңтарында ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК перинаталды орталығында орталықтың медициналық қызметкерлеріне бактериологиялық зерттеулер үшін үлгілерді сұрыптау бойынша тәжірибелік дағдыларды игерумен «Клиникалық материал, сұрыптау және тасымалдау ережелері» атты семинар өткізілді.
Семинарды аурухананың бактериолог дәрігері С.Б.Султангалиева өткізді.
Диагностикалық зерттеулер аурудың себептерін анықтау немесе дәлелдеу үшін жүргізіледі.
Клиникалық материалды зертханаға дұрыс сұрыптау және жеткізу диагнозды дұрыс қою кепілі болып табылады.
Семинардың мақсаты: кейін бактериологиялық, вирусологиялық, токсикологиялық, биохимиялық зерттеулерді өткізу үшін зертханаға материалды сұрыптау және жеткізу саласында тыңдаушылардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру.