Өкпе рагының алдың алу

08.02.2022

1 ереже. Зиянды әдеттерден арылу

Белсенді және пассивті темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық ағзаның қорғаныс функцияларын әлсіретеді, бұл қатерлі ісік жасушаларының белсенді өсуіне әкелуі мүмкін.

2 ереже. Салмақты бақылау

Семіздік өкпе обырының даму ықтималдығын бірнеше есе арттырады. Рационнан тез көмірсулар бар тағамдарды – бидай ұнынан пісірілген тағамдарды, тәттілерді, газдалған сусындарды, фастфуд пен т.б. алып тастау керек.

3 ереже. Зиянды заттармен байланысты азайту

Асбест, мұнай өнімдері, ауыр металдардың булары, химикаттар — күшті канцерогендер. Осы заттармен байланысатын адамдарға тыныс алу органдарын қорғауға көмектесетін жеке қорғаныс құралдарын, маскалар мен респираторларды пайдалану қажет.

4 ереже. Үй-жайды тұрақты желдету

Тұрақты, мұқият желдетусіз үй-жайда патогенді микроорганизмдер жиналады, олар өкпеге түседі және қатерлі ісікті дамыту үшін іске қосу механизмі болуы мүмкін түрлі қабыну үрдістерін тудырады.

№ 5 ереже. Көбірек жүру                    

Отырғыш өмір салты өкпеде тоқырау құбылыстарының пайда болуын тудырады, бұл да обырдың себебі болуы мүмкін. Денсаулықты сақтау үшін күн сайын 30-40 минуттан қалыпты қарқынмен жаяу серуендеу керек – бұл қан айналымын жақсартуға, иммунитетті нығайтуға, инсулин деңгейін төмендетуге көмектеседі.

6 ереже. Өкпе ауруларын уақтылы емдеу

Кез келген созылмалы қабыну үрдісі қатерлі ісіктердің пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Accessibility