Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният Қазақстанда  шектеу шараларының одан әрі жеңілдегенін хабарлады.

21.02.2022

Қазақстанда елге кіретін азаматтар үшін, екінші компонентті алу мерзімін 6 айдан кешіктірмегенде, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанда, міндетті ПТР-тестілеу алып тасталады.

Бұл туралы бүгін коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.

Сондай-ақ, ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулаудан босату шешімі қабылданды («Ashyq» жобасынан «сары» мәртебесін алып тастау).

Accessibility