22 қарашада Қазақстанда халықты коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакцинациялау науқаны басталды.

17.01.2022

22 қарашада Қазақстанда халықты коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакцинациялау науқаны басталды.

Бүгін, 2022 жылдың 17 қаңтарында Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталдық орталығының 94 қызметкері «Pfizer» вакцинасымен ревакцинация алды.

– Коронавирустық инфекцияны және омикрон-штаммдарды жұқтыру қаупін азайтудың бірден-бір жолы – вакцинациялау, сондай-ақ азаматтарды ревакцинациялау. Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациялау науқаны басталғалы перинаталдық орталықта 218 қызметкер ревакцинациядан өтті.   Қызметкерлерді қайта вакцинациялау үшін Павлодар қаласындағы № 5 емханадан терапевт пен медбике шақырылды. Ревакцинация — вакцинациядан кейін алынған иммунитетті сақтауға бағытталған қайталама вакцинация. Процедура сонымен қатар күшейткіш инъекция деп аталады — «күшейтетін». Перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айман Оспанова Ertis телеканалында берген сұхбатында, зерттеулер көрсеткендей, вакцинациядан кейін иммунитет уақыт өте төмендейді және оған вирусты «еске түсіру» үшін вакцинацияны қайталау керек …. Жіті респираторлық вирустық ауруларда, дене температурасының жоғарылауында, препараттың құрамдас бөліктеріне аллергия болған жағдайда және вакцинацияға басқа да қарсы көрсеткіштер болған жағдайда ревакцинация (сондай-ақ вакцинация) жүргізілмейтінін ескеру маңызды …

Accessibility