МӘМС есебінен В 12 және С дәрумендерді анықтау
25.03.2022
Көбінесе сараптама жасап, осы дәрумендерді анықтамай диагноз қойылмайды. Сондықтан тексеруге көрсетілімдер болған жағдайда әрбір сақтандырылған пациент сараптаманы МӘМС есебінен өте алады, учаскелік дәрігердің жолдамасы болуы қажет.
- В12 витамині немесе цианокобаламин-жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі, эритроциттердің түзілуі мен жетілуі үшін қажетті органикалық зат.
- В12 витаминінің жетіспеушілігі кейбір жағдайларда асқазан-ішек жолдары мен неврологиялық бұзылуларға әкелуі мүмкін.
- С дәрумені немесе аскорбин қышқылы-маңызды микронутриенттердің бірі, көптеген биохимиялық реакциялар мен қорғаныс механизмдерін реттеуші.
- С витаминінің жетіспеушілігі қызыл иектің қан кетуіне және қабынуына, буын ауруына, шаштың түсуіне және құрғақ теріге, көңіл-күйдің күрт өзгеруіне, шаршау мен әлсіздікке әкеледі. Балаларда қаңқаның өсуі бұзылады.
Дәруменнің ауыр тапшылығында цинга ауруына қауіп бар.
Қандай жағдайларда әдетте осы дәрумеңдерге зерттеу тағайындалады?
- В12 тапшылығы анемиясына күдік болған кезде;
витамин жетіспеушілігінің белгілерінде (шаршау, әлсіздік, инфекцияларға сезімталдық); - неврологиялық бұзылулар кезінде (В12 витаминіне сараптама);
қызыл иектің қанауы, жараның нашар жазылуы кезінде (С витаминіне сараптама); - мальабсорбция синдромында немесе аш ішекте қоректік заттардың сіңірілуінің бұзылуында, созылмалы гастритте;
- вегетариандық, әсіресе кез келген жануарлардан алынатын тағам алынып тасталса (B12);
- мінез-құлықта өзгерістер болған кезде, ең алдымен егде жастағы адамдарда ( шатасу, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, назардың болмауы, ашуланшақтық) — В12;
- ағзаның витаминдік жағдайын бағалау үшін.