Туберкулезді алдын алу
Туберкулез – кез келген адамға әсер ететін жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы – «Кох таяқшасы» микробактериясы. Көбінесе ауа тамшылары арқылы беріледі. Туберкулезді тексеру және емдеу тегін жүргізіледі.
Уақытында анықталған туберкулез емделеді!
Егер сізде туберкулез белгілері болса, жергілікті дәрігерге хабарласыңыз. Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында «Денсаулық мектептерінде» туберкулездің алдын алу, жаңа туған нәрестелерге БЦЖ вакцинасы егілуі бойынша тұрақты негізде дөңгелек үстел өткізілуде.
Біздің елімізде БЦЖ вакцинасы барлық сау жаңа туған нәрестелерге өмірінің 3-7-ші күнінде тікелей перзентханада жүргізіледі. Вакцинацияланбаған балалардың туберкулезді жұқтыру қаупі жоғары. Ересек жастағы туберкулезді алдын алу – жыл сайынғы диспансерлік бақылау және ауруды ерте кезеңде анықтау (флюорография).
Туберкулезді алдын алуда салауатты өмір салтын сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту, дұрыс тамақтану, дене шынықтыру, таза ауада болу, кез келген ауруды дер кезінде емдеу, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаудың маңызы үлкен.