МӘМС- тегі мәртебе туралы 10 маңызды факт

18.03.2022

1.Сақтандыру мәртебесінсіз сіз жоспарлы медициналық көмек ала алмайсыз, тар бейінді маманның қабылдауында бола алмайсыз немесе тексеруден өте алмайсыз.
2. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді бірнеше тәсілмен тексеруге болады: fms.kz. сайтында, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы немесе eGov.kz жеке кабинетте ЖСН нөмірі бойынша.
3. МӘМС төлемдері бойынша 12 айға толық үзінді көшірмені Телеграмдағы Saqtandyrubot арқылы алуға болады. «Сақтандырылу мәртебесін анықтау» тармағын таңдап, ЖСН енгізу қажет.
4. МӘМС-ға төлем жасағаннан кейін мәртебе бірден өзгермейді, бірақ 3 жұмыс күні ішінде өзгереді. Медициналық ұйымға барар алдында міндетті түрде мәртебені қайта тексеру қажет.
5. Сақтандырылу мәртебесі соңғы төлем жасалғаннан кейін тағы 3 ай бойы сақталады. Алайда, бірінші мүмкіндік болған жағдайда, 3 ай өткеннен кейін мәртебесін жоғалтпау үшін осы кезең үшін жарна төлеу қажет болады.
6. Сақтандыру мәртебесін алу үшін соңғы 12 ай бойы төлемдерді жүйелі түрде жүргізу қажет. Егер кем дегенде бір айды өткізіп алса, мәртебе берілмейді.
Тек өзін-өзі жұмыспен қамтыған БЖТ төлеушілер ғана ерекшелік болып табылады.
7. Бірыңғай жиынтық төлемді қатарынан 3 ай бойы төлеген кезде тұрақты мәртебе үшінші айға беріледі және одан әрі тұрақты төлемдер болған жағдайда сақталады.
8. Кейбір Қазақстандықтарда сақтандырылудың жеңілдікті мәртебесін алу мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда 15 жеңілдік санаты қарастырылған, олар үшін МӘМС-ға мемлекет аударымдар жасайды. Бұл туралы толығырақ ақпаратты біздің алдыңғы жазбаларымыздан таба аласыз.
9.Жеңілдік санаттарының бірі-жүкті әйелдер. Жүктілік бойынша мәртебесі болмаған жағдайда оларды учаскелік терапевт немесе жалпы практика дәрігері есепке қояды.
10. Егер Сіз БЖТ төлеуді тоқтатсаңыз немесе жеңілдікті санаттар тізімінен шықсаңыз, МӘМС жарналарын өз бетіңізше аударуды жалғастыра а.ласыз. Бірақ мәртебе алу үшін Сіз үзінді көшірмені тексеріп, бұрын өткізіп алған барлық айлар үшін ақы төлеуіңіз керек.

Accessibility