Наурыз Мейрамы

30.03.2016

наурыз

2016 жылғы 19-наурызда Павлодар облыстық ауруханасында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз Мейрамы тойланып өтті.
Үлкен холлда бір шаттық сезілді, жиналған адамдар аса бір жоғары көңілмен Наурызды қарсы алды.
Аурухана қызметкерлерін бас дәрігер Серім Уақапұлы Сыздықов құттықтап, бақыт және табыс тіледі. Өз сөзінде ең басты құндылық – халықтың бірлестігі туралы айтып өтті.
Әр бөлімше Қазақстанда тұратын халық пен ұлт өкілдер тұрмысын көрсетті.
Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, барша адамдарға жақсылық, аманшылық тілеп, би биледі. Сонымен бірге «Тұсау кесер» салт-дәстүрі көрсетілді.
Көптеген конкурстар өткізілді: ең үздік концерттік нөмір, ең үздік ұлттық тағам. Конкурсқа қатысушылардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталынды.

наурыз 1

Accessibility