Жасөспірімдер мен жастардың репродуктитік денсаулығы

21.05.2025

Репродуктивтік денсаулық – репрподуктивтік жүйе,оның қызметі мен үдерісіне қатысты аурулардың жоқ болуы ғана емес, адамның бүкіл физикалық,психологиялық және әлуеуметтік жағдайы.
Балалы болу –кез келген адамның қалауы. Репролуктивтік денсаулықты күту өмірге келген алғашқы күннен басталады,сондықтан көп әйелдер мен ер адамдар жүктіліктің дені сау,тиімді уақытта және ана мен баланың денсаулығына қауіпсіз шақта болуы қажет болғандықтан,өмірге бала әкелуді алдын ала жоспарлайды. Ерте жүктілік (18 жасқа) дейн ананың аурушандылығы мен өлім –жітімнің көбеюіне әкеледі,сондай –ақ жас ана мен оның баласының денсаулығына қауіп төндіреді.
Репродуктивтік денсаулыққа келесі бағдарлламалар кіреді:
-Жүктілік,босану кезінде және босанғаннан кеін тиімді көмек көрсету;
— репродуктивтік жүйенің ауруын,оның ішінде бедеулікті емдеу;
-жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың алдын алу және емдеу;
-жоспарланбаған жүктіліктен қауіпсіз және тиімді сақтану;
-денсаулыққа қауіпсіз заманауи контрацепция (жүктіліктен сақтану) әдісіне қолжетімдікті қамтамасыз ету таңдау;
-жүктілікті қаупсіз үзу.

Репродуктивтік денсаулыққа әсер ететін факторлар:
-өмір салты (тамақтану,созылмалы күйзеліс,дене белсендігінің төмендігі,күн тәртібі,еңбек және демалыс,жыныстық мінез-құлық және т.б.);
-зиянды заттектерді (темекі,ішімдік,есірткіні)тұтыну.
-экологиялық орта (қоршаған ортаның ластану, радиация);
-тұқымқуалаушылық.
Жас жігіттер мен қыздар алдағы ата –аналық қызметті жете түсінуі және өз денсаулығына жауапкешірлікпен қараулары тиіс. Жасөспірімдер ағзадағы, әсіресі болашақта әке және ана болуға кедергі келтіретін көптеген патологиялық өзгерістердің қайтымсыздығын түсінулері қажет.
Созылмалы ауру болған жағдайда үнемі маманның бақылаунда болуы және оның тағайындауларын орындау қажет. Өз денсаулығынды,оның ішінде репродуктивтік денсаулығынды күту әр адамның қалыпты және мәдениетті мінез- құлқы болуы қажет.
Жоспарланбаған жүктілік –күтпеген жағдай, күшті сезім,тез шешім қабылдауға қатысты қажеттіліктің бәрі күйзеліске алып келуі мүмкін.
Ұстамдылық немесе қауіпсіз жыныстық қатынас жүкті болу қаупін және жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың берілуін азайтуға мүмкіндік береді.
Қажетсіз қауіп –қатерге ұшырамау үшін түрлі жағдайларда өзінді қалай дұрыс ұстау керектігі жөнінде бірнеше достық кеңес:
-Қайда баратыныңды туыстарың мен жақындарыңның біріне айт;
-Телефоныды қуаттап,қосүлы ұста;
-Сауық кештеріне достарыңмен бірге барып ,бірге қайт;
-Қиын жағдайға тап болғанда( егер біреу тиссе және т.б.) қолданатын белгі туралы достарыңмен келіс.
-Кештер мен шараларда ішімдік пен психологиялық белесенді заттектерді (есірткіні)тұтынба;
-Егер уақытты бірге өткізетін достарың ішімдік пен есірткі тұтынса ,кетіп қалғаның жөн.
-Романтикалық сөздер мен алдануға берілмеуге тырыс;
-Өзіңнің мінез –құлқыңды анықтап,өзіңді жеңілтек ұстама;
-Қауіпті жағдай туса,кетіп қалу қажет;
— Сені жыныстық қатынасқа итермелейтін адаммен бөлек қалмауға тырыс;
— Өзің сенбейтін адамдармен бір жаққа барудан сақтан;
-Ешкім көмектесе алмайтын оңаша жерден аулақ бол;
-Өзін танымайтын,сенбейтін немесе күдіктенетін жүргізушілердің қызметін қолданба. Егер көп ақпарат немесе көмек қажет болса, емханалардағы Жастар денсаулық орталықтарының мамандарына жүгін, барлық қызметтер тегін!

Лицензия 00986 DS

Доступность