«Қуық асты безінің гиперплазиясы кезіндегі лазерлік операциялар (вапорезация, вапорезекция, вапорезекция, энуклеация)»

08.11.2024

Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының урологиялық бөлімшесінде диагностика мен емдеудің барлық жаңа жоғары технологиялық әдістері кеңінен қолданылады.
2024 жылғы 7-8 қарашада бөлімше базасында жаңа сатып алынған аппаратта — Guanta System (Италия) инновациялық лазерлік тулиялық жүйесінде «Қуық асты безінің гиперплазиясы кезіндегі лазерлік операциялар (вапорезация, вапорезекция, энуклеация)» мастер-класс өткізіледі. Guanta system лазерлік тулиялық жүйесі — ERG мен облыстық әкімдік арасындағы меморандум шеңберінде Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының демеушілік қолдауымен Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасы сатып алған Қазақстан Республикасындағы екінші осындай аппарат. Мастер-класс м.ғ.к., Мәскеу қ. Боткин ауруханасының жетекші эндоурологы Р.Ю.Андреевтің қатысуымен өткізіледі.
Қуық асты безінің гиперплазиясының тулиялық лазерлік энуклеациясы қуық асты безінің қатерсіз аденомасын емдеудің ең жаңа әдісі болып табылады.

Лицензия 00986DS

Accessibility