«Акушерлік доплерография»
15.05.2019
2019 жылғы мамырдың 13-нен бастап мамырдың 17-не дейін 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, жұмыс тиімділігін арттыру бойынша Жол картасын орындау мақсатында 2019 жылы Павлодар облысында ана өлімін төмендету бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК перинаталдық орталығында босануда көмек көрсетудің ультрадыбыстық зерттеу дәрігерлеріне «Акушерлік доплерография» атты біліктілігін арттырудың алқалы циклі өтуде.
Нұр-Сұлтан қаласының, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының ұрық патологиясы бөлімшесінің менгерушісі, профессор Ж.К.Курманғали циклін өткізеді.