Ана мен балаға медициналық көмек: цифрлар мен фактілер

24.01.2023

Ана мен балаға медициналық көмек: цифрлар мен фактілер

2022 жылы Қазақстанда ана өлімінің едәуір қысқаруы байқалады — 3,2 еседен астам, нәресте өлімінің деңгейі пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырыла бастады, 2021 жылмен салыстырғанда 6,0%-ға төмендеді.
Бұл көрсеткіштерге бірқатар бағыттар бойынша қабылданған кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілді.
Сонымен, босануға дейінгі бақылаумен қамту күшейтілді, ол 99,2%-ды құрады, жүкті әйелдерді 12 аптаға дейін ерте қамту 5%-ға өсті және 89,5% -ды құрады, пренаталдық ультрадыбыстық скринингпен қамту 5%-ға, биохимиялық скринингпен қамту 10%-ға ұлғайды, сондай-ақ балаларды 1 жасқа дейін проактивті бақылаумен және скринингпен қамту 81%-ға дейін ұлғайды.
2022 жылы ғылыми және республикалық клиникалардың профессорларымен және жетекші бейінді мамандарымен бірлесіп жүктілік және босану ағымы асқынған 910 әйелге 1391 медициналық қызмет көрсетілді. Санитариялық авиация 200 ұшу орындады; 21 әйелге операция жасалды, ауыр жағдайда 180 пациент облыстық және республикалық клиникаларға жеткізілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр жағдайдағы әйелдердің 1237 немесе 96% құтқарылды.
Соңғы 5 жылдың ішінде елде бала туудың өсуі байқалды, ол 2021 жылы 446 мың бала дүниеге келген кезде ең жоғары деңгейге жетті, 2022 жылы 412 мың нәресте дүниеге келді.
Неонаталдық хирургияның дамуымен және осы технологиялардың өңірлерге ауысуымен туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 86% құрады.
Қазақстан Орталық Азияда туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз мемлекет болып табылады.
2022 жылы туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға 1800-ден астам ашық жүрекке операция, оның 75%-ы бір жасқа дейінгі балаларға жасалды.
Денсаулық сақтау министрлігінің алдағы жоспарларында Неонаталдық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңа стандартын енгізу және босандыру және балалар бойынша диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын өзектендіру тұр.
Сондай-ақ, Министрлік 11 заманауи перинаталдық орталық салу мәселесін қарады, осыған байланысты жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталады, жұмыс істеп тұрған клиникалардың базасында 5 өңіраралық балалар кардиохирургиясы орталығын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

Accessibility