«Ана -өмір шуағы»

04.03.2022

Павлодарда 8 наурызды мерекелеу қарсаңында Достық үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмір шуағы» атты салтанатты шара өтті.

Қазіргі әйелдер еліміздің саяси-қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар қызметтің әртүрлі салаларында, өндіріс пен ауыл шаруашылығында еңбек етіп, бизнес пен саясатта табысқа жетіп, ғылым мен спортта биік белестерді бағындырады.

Бүгінгі таңда білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қорғау салаларын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Салтанатты іс-шарада Павлодар облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс рентгенологы, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының жоғары санатты рентгенолог дәрігері (еңбек өтілімі 44 жыл) Габдулгазизова Дамет Сагиндыковна облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Дамет Габдулгазизованың  жанұясы – күйеуі медицина саласында, ал балалары еңбек еткен, бүкіл отбасы облысымыздың тұрғындарының денсаулығын жақсартуға барын салған дәрігерлер әулеті. Оларға үлкен рахмет!

Халықаралық әйелдер күні — бізді жылулық пен қамқорлықпен қоршап, өмір сыйлаған барлық әйелдерге алғыс айтудың тағы бір себебі. Біздің өміріміздегі ең әдемі нәрселердің бәрі дәл әйелмен байланысты, ол бізге мейірімділік, нәзіктік пен сүйіспеншілікті тәрбиелейді.

8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Accessibility