Ардагерлерді құттықтады!
06.03.2017
№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталық әкімшілігі көктемгі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, бас дәрігер А.Қ.Оспанова және кәсіподақ ұйымы өзінің еңбек ардагерлері Ястребовна Галина Ефимованы, Рубина Софья Лазареваны және Шестакова Эдита Алексеевнаны құттықтап, оларға бағалы сыйлықтар табыс етті.