Артериялық гипертонияның алдын ал!

16.05.2022

Артериялық қан қысымы жоғары адамдардың бәрі өз аурулары туралы біле бермейді. Бұл немен байланысты?

Артериялық гипертензияны «үнсіз жан алғыш» деп бекер айтпайды, себебі бірінші кезде бұл аурудың белгісі білінбейді. Адам өзін жақсы сезініп, белсенді болады. Егер осы кезде тексеру жүргізсе, жағымды көңіл-күймен ағзадағы бар өзгерістерге қатысты арасында сәйкессіздік анықталады.

Қандай артериялық қан қысымын дәрігерлер жоғары деп есептейді?

Ұлттық және халықаралық нұсқаулықтарда АҚҚ-ның деңгейі сынап бағанасынан 140/90 мм және жоғары болса артериялық гипертония (АГ) болып есептеледі.Гипертония мен атеросклеротикалық түйіндердің арасында байланыс бар ма?

Гипертония мен атеросклероз негізінен қатар дамиды. Себебі тамырлардың тарылуының өзі тамырларда түйіндердің пайда болуына алып келеді. Осы жағынан адамның қан қысымын бақылауда ұстағаны маңызды.

Артериялық қан қысымын өлшеу міндетті болуы керек?

Артериялық қан қысымын өлшеу салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі болуы керек. Қан қысымын таңертеңнен бастап күніне бірнеше рет өлшеу керек.

Адамның қанының құрамында холестерин деңгейі жоғары болса не істеу керек?

Тәтті өнімдерді тқтынуды шектеу;күніне 5 бөлік жеміс, көкөніс пен дәнді-дақылдар (бұршақтар мен баданалар) тұтыну; аптасына 2 жұмыртқаның уызын жеу;сорпалық өнімдерді тұтынуды азайту; тамақ дайындау кезінде жануыр майына қуыруды булауға, қайнатуға, бұқтыруға, духовкаға пісірумен алмастыру қажет; тамақ дайындар алдында еттен көрініп тұрған майды кесіп тастау, құстың терісін алып тастау қажет; балықтан жасалған тағамдарды көп тұтыну керек;шұжықтардың барлық түрлерін, майлы сан еттерді тұтынбау;суда дайындалған ботқаларды тұтыну.

Тұзды тұтынуды қалай бақылауға болады?

Азық-түліктердегі тұздың (натрийдің) мөлшерін анықтау үшін қораптағы нұсқауды және тұздың құрамын туралы мәліметтер жазылған азық-түліктердің тізімін қолданыңыз, тағамға қосымша тұз салмаңыз, үстелге тұз салғышты қоймаңыз.

Қан қысымы көрсеткішінің өзгерісін анықтауға мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау күнделігін ұстау ұсынылады, АҚҚ көтерілген жағдайда күнделік дәрігерге диагноз қоюға көмектеседі. Артериялық қан қысымын өлшеу науқасты тәртіпке үйретіп, оны дәрігердің серіктесіне айналдырады.

Дене белсенділігі жөнінде қандай нұсқаулар бар?               

  • Дене белсенділігі біртіндеп және аздаған жүктемеден басталады
  • Дене белсенділігінің оғтайлы түрі ұзақтығы (1 сағатқа дейін), арақашықтығы (500 м-ден 4 км-ге дейін) оның қарқындылығын біртіндеп өсірумен мөлшерленген жая жүріс болып табылады
  • Ұсынылатын дене белсенділігі: емдік гимнастика, жаяу жүру, суда жүзу, велосипед (веложаттықтырушы), шаңғы тебу және т.б. (яғни төзімділікті арттыратын және тамырлардың шеткі қарсылықтарын төмендетететін жаттығулар)
  • артериялық гипертонияның юастапқы белгілері бар жас адамдарға жүгіру немесе тез жүру, доппен (футбол, волейбол, баскетбол, теннис) ойнау және бақшада (ыңғайлы қалыпта басты еңкейтпей) жұмыс істеу пайдалы, дегенмен дене белсенділігінің бұл түрлерімен айналысу артериялық қан қысымы деңгейін тұрақтандыратыны аз көрінеді.
Accessibility