«Асқазан-ішек құрылысынан қан ағуды алдын алып және емдеудегі эндоскопиялық гемостаз» шебер-сыныбы
2017 жылдың 30-қарашасында ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-да Павлодар облысының хирургтер мен эндоскопист дәрігерлерінің қатысуымен «Асқазан-ішек құрылысынан қан ағуды алдын алып және емдеудегі эндоскопиялық гемостаз» шебер-сыныбы өтті.
ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-ның хирургиялық бөлімсшесінің меңгерушісі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас хирургі Арман Төлегенұлы Мұсабеков, ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-ның функционалдық диагностика бөлімсшесінің эндоскопист дәрігері, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эндоскописті Серікбай Майқанұлы Тергеусізов баяндама оқыды.
Шебер-сыныбы барысында эндоскопиялық гемостаз әдістері муляждарда көрсетілді. Оқу аяқталған соң, қатысушыларға сертификат берілді.